• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 21 Қыркүйек, 2020

"Қазгидромет" Бурабайдағы балық қырылған көл суын тексерді

288 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратқа байланысты, 2020 жылғы 14 қыркүйекте "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Бурабай көлінің 5 нүктесінде жерүсті суларының сынамаларына жоспардан тыс іріктеу және талдау жүргізді:

1 нүкте: балықтардың қырылу орны;

2 нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 250 м;

3 нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 500 м;

4 нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 250 м;

5 нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 500 м;

ОБТ5 бойынша суды талдау нәтижелері норма шегінде (2,22-5,67 мг/дм3) және қауіпті металдар шоғырлануының шектен асып кетуі байқалмаған.