• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 22 Қыркүйек, 2020

Өзін шыңдауға таптырмас уақыт

343 рет
көрсетілді

Пандемияның адамзатқа ауыр соққы болғаны айтпаса да белгілі. Көптеген елдің экономикасы құлдырап, тұрғындарының әлеуметтік жағдайы төмендей бастайды. Бұл қиындық тіпті дамыған көшбасшы елдерді де айналып өтпеді. Биылғы оқиғалардан ең көп зардап шеккендер қатарына жастарды жатқызуға әбден болады. Бұл туралы БҰҰ секілді халықаралық ұйымдар да айтып келеді. Олар пандемия кесірінен білім алуда артта қалып, жұмыстарынан айырылып, өмірлік жоспарларынан бас тартуға мәжбүр болып отыр.

ЮНЕСКО жүргізген зерттеуге сәйкес биыл әлемнің 191 елін­де білім беру мекемелері жабыл­ған. Ал бұл шешім білім алу­шы­лардың 91 пайызының немесе барлығы 1,5 миллиард адамның сабаққа бармайтынын білдіреді. Бұл жағдай студенттердің білім алуына кедергі келтіріп отыр­ғаны сөзсіз және мұның қанша уақытқа жалғасатыны да белгісіз. Олардың үйлерінде бос жатпай, қашықтан немесе онлайн оқып жатқаны түсінікті. Алайда мұндай қиындықтарға өз еркімен дайын болмаған білім жүйесінің тау қопарып жатқанына сену қиын. Техникалық мәселелерден бөлек, оқытушылардың және жастардың компьютерлік сауат­тылығын да ескерген жөн. Бұл жер­де компьютерде орындай­тын қарапайым әрекеттер емес, интер­неттің ұсынып отыр­ған түрлі мүмкіндігін оқу процесінде толыққанды қолдана алуды айтамыз. Бұған біздің елде дамып үлгермеген дижитал мәдениетті тағы қосыңыз. Мұның барлығы жастармен қатар, ұстаздардың да жүйкесін жұқартып, психикалық жағдайына әсер ететіні сөзсіз. Тек адамның сезімдерін ескеріп, оның психикалық денсаулығына мән беріп жатқан ешкім жоқ.

Еліміздегі ұлттық универ­си­тет­тердің біріне жаңадан оқу­ға түскен студенттер оқу про­це­сін түсіну қиын болып жат­қа­нын айтады. Осы ретте жо­ғары оқу орындарында білім ала­­тын сту­дент­терге жауап­кер­­ші­лікті өз қо­лы­на алуды ұсы­нуға бо­ла­ды. Себебі универ­ситет сту­ден­ті­нің өздігінен қо­сым­ша оқуға тә­жі­ри­бесі мен білік­тілі­гі жете­ді. Кө­пшілігі өзі оқып жат­­­қан мамандығы бойын­ша ал­­­ған ақ­паратын сараптауды, қалай жақ­сартуға болатынын да біледі. Тек осы сәтте жүк­теме мен міндетті ұстазының, білім жү­йесінің не оқу орнының мойнына ілгеннен еш өзгеріс болмайтынын түсініп, өз біліміне өзі жауапты болатын кез келген секілді.

Еліміздегі студенттердің өз­ді­гінен оқуға, мектептегідей мұға­лім­­нің айтқанымен жүруге бейім еке­ні мәлім. Сондықтан да қазіргі қиын­­дық­ты мүмкіндік­ке айналды­рып, сту­дент­тің ұстаз­ға бай­­ланған кін­ді­гін кесетін сәт ту­ған­дай. Се­бебі пан­демия аяқ­талып, бар­лығы бәз баяғы қалпына кел­генде артта қал­ған­дардың білі­мін еш­кім то­лық­ты­рып отырмай­ды, өмір жал­ғаса бе­реді. Қашықтан оқу барысында уа­қыт үн­ем­­­деледі, сол уақыт­ты желі­дегі шет­­ел­дік уни­верси­тет­тер­дің, MOOC, Coursera секілді плат­­фор­­ма­лар­дағы тегін курстар­ды мең­геру­ге не тіл үйренуге жұмсауға болар еді.