• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Қыркүйек, 2020

Елордалық дәрігерлер ауыр жарақат алған баланы өлім аузынан құтқарды

262 рет
көрсетілді

2015 жылғы қыз Нұр-Сұлтан қаласының №2 Көпбейінді балалар ауруханасындағы жедел хирургияның жедел жәрдем бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Бала дереу аппаратқа қосылды, жамбас мүшелерінің жарақаттарына шұғыл ота жасалды. Былай дегенде, мамандардың келісілген іс-әрекеттерінің арқасында бала аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында елорда аумағындағы ауылдық жерлерде қайғылы оқиға орын алды. Абайсыздықта немқұрайлылық салдарынан екі баланы трактор басып кетті. Өкінішке орай, бір бала оқиға орнында қаза болды. Екінші бала елордалық балалар ауруханасына жедел жеткізілді. Ауруханаға түскен бойда баланың жағдайы өте ауыр болғанын дәрігерлер де дәлелдеп отыр. Жедел хирургиялық көмек бөлімшенің деңгейінде науқасты хирургтар, нейрохирур, травматолог және реаниматологтар қарап шықты. Бала 10 күн жансақтау бөлімінде уақыт кешті.

Аурухананың травматолог дәрігері Мұхтар Ахмұрзаевтың айтуынша, қыз бала жарақаттық шок жағдайында түсті.

"Бала өте ауыр жағдайда, 3 дәрежелі жарақаттық шок жағдайында түсті. Мамандардың уақытылы жедел көмек көрсеткені аса маңызды болды. Бала аппаратқа қосылып, шокқа қарсы терапия жүргізілді. Шұғыл түрде ота жасау керек екені белгілі болды", деді дәрігер.

5 жасар қыздың басынан өткен оқиға оның отбасы үшін қатты соққы болғаны сөзсіз. Баласын өлімнен құтқарғаны үшін дәрігерлерге шексіз алғыс білдіретін отбасы кішкентай науқастың жанында.

"Қазір қызымның жағдайы жақсы. Көңіл-күйі де жақсы. Әкесімен видео байланыс арқылы телефонмен сөйлесіп тұрады. Барлық отбасы болып дәрігерлерге мың алғыс айтамыз. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші дәрігерлердің арқасында қызымыз қазір аман-есен қасымызда", дейді қыздың анасы.

"Қыздың аман-есен шығуы үлкен қуаныш. Жамбас пен зәр шығару жолдары қатты зақымданған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Барлық процедураларды аяқтағаннан кейін бала үйге шығарылады", деді хирургиялық бөлімінің басшысы Ринат Байгиреев.