• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2020

Ұлыбританиялықтар азық-түлік дүкендерінде кезекте тұр

221 рет
көрсетілді

Ұлыбритания билігі Сovid-19 ауруының көбеюіне байланысты бүкіл ел бойынша шектеу шараларын енгізіп жатқанда, адамдар тағы да дүрбелеңге салынып, азық-түлік қорын сатып ала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz The Grocer-ге сілтеме жасап.

Сатушылар тұрғындардан алдауға сенбеуін және өнімдер жеткілікті екенін атап өтті. Алайда, егер дүрбелең жалғаса берсе, дүкендерде тауар жетіспеушілігі туындауы мүмкін. 

Наурызда алғашқы карантин кезінде сатып алушылар 60 миллион фунт (шамамен 33 миллиард теңге) тауар сатып алған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдай тек Ұлыбританияда ғана болған жоқ. Нью - Йорк мэрі 12 наурызда қалада төтенше жағдай жариялағаннан кейін, тұрғындар дүкен сөрелерін босатып, жаппай азық-түлікке таласып та қалып еді.