• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Шымкентте орман тұқымбағындағы ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасуда

471 рет
көрсетілді

Қазір күзгі жиын-терім жұмыстары қызған шақ. Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерімен қатар орманшылар да күзгі тұқым жинау жұмыстарын атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz

Жұмысшылар бұл жолы емен және гледичия ағашының тұқымдарын жинады. Тұқымбақтағы орман шаруашылығында 11 адам жұмыс істеуде. Жалпы бүгінге дейін 200 кг өрік (абрикос), 150 кг бадам, 300 кг емен жаңғағы, 20 кг шабдалы, 5 кг алмұрт ағашының тұқымы жиналды. Сондай-ақ, 8,2 га орман тұқымбағына гибискус бұта тәріздес ағашының қаламшалары егуге дайындалды.   Орманшылардың айтуынша, қазір ауа-райы қолайлы. Жоспарды өз уақытында орындауға толық мүмкіндік бар. Қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады.