• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2020

COVID-19: Кәрі құрлықты шеңгелінде ұстап тұр

448 рет
көрсетілді

Париждіктер Италияға тест тапсырмай кірмейтін болды. Франция ЕО елдері арасында КВИ таралуы жөнінен алаңдатарлықтай күйде, деп хабарлайды Egemen.kz

Француздардың тест тапсырмай Италия аумағына кіргізілмейтіні туралы құжатқа Италия Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанса 21 қырқүйекте қол қойған.

Италияның кәрі құрлықта пандемия әу бастан тырнағын қатты батырған мемлекет екені баршаға аян.  Ауруханларда орын жетпей көшелерде вирус жұқтырған жандардың ем қабылдағаны, көптеген италиялықтардың өмірмен қоштасқаны белгілі. Сондықтан да алғашқы соққыдан есеңгіреп қалған италиялықтардың бұл қарекетін түсінуге болады. Сәуірдің соңынан шілденің басына дейін ауру саны азайып келген Италияда міне, екі айдың жүзіне таянды ауру тіркелудің өсуі байқалады.  Ал қайтыс болғандардың арасында жастар мен орта буын өкілдерінің көп болуы да жұртшылықты алаңдатып отыр.

Франциядағы COVID-19-ға қарсы сақтық шараларының күшейгеніне қарамастан мұнда КВИ өршіп барады. Тек кешенің өзінде 5298 адам ауру жұқтырып, 827 пациент ауруханалардың жансақтау бөілімдерінде жатқан көрінеді.

Өткен жолы "Жеңілмейтін Франция" партиясының серкесі Жан-Люк Меланшонның ресми Парижді екінші толқынмен күреске дайын емес, ауруханаларда орындар жеткіліксіз, медицина қызметкерлерінің де саны аз деп сынағанын жазған едік.