• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Түркістан облысында бейнефильмдер байқауы жарияланды

147 рет
көрсетілді

Байқау Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "Туған жер" жобасын іске асыру, әр мекеннің брендін қалыптастыру, тарихи-мәдени және киелі орындарды насихаттау, оларды көпке таныстыру мақсатында өткізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал қысқаша талабы мен шарттары төмендегідей: ⠀ Байқауға қатысушы үміткер облысқа қарасты аудан-қала атынан қатыстырылады; ⠀ Әр аудан-қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2 үміткерге ұсыныс бере алады; ⠀ Жасына шек қойылмайды; ⠀ Қағида таратылған соң ғана түсірілген 3-5 минуттық бейнефильмдер қабылданады; ⠀ Түсірілім мен монтаждан бөлек, сюжеттік байланысы, сценарийіне де назар аударылады; ⠀ Заманауи техникалық әдістеріне мән беріледі; ⠀ FullHD, HD форматта жасалуы тиіс; ⠀ Бір үміткер 1 немесе 2 фильм ұсына алады. ⠀ Үміткер 1 қарашаға дейін түсірілім жұмыстарын жасап, 1-10 қараша аралығында ok_madeniet@mail.ru поштасына жолдау керек. 10-20 қараша аралығында @turkistanoblmadeniet парақшасына салынады. Жарияланған бейнефильмді тарату, бөлісу үміткердің өз құзырында.