• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Төбесі құлаған спорт кешеніндегі құрылыс жұмысына тексеру басталды

159 рет
көрсетілді

Алматы облысының Ұйғыр ауданында оқыс оқиға болды. Аудан орталығы Шонжы ауылында салынып жатқан спорт сауықтыру кешені ғимаратының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала болжам бойынша апат құрылыс алаңындағы үшінші бөлік шатырына қойылған метал конструкцияның құлауынан болуы мүмкін. Оқиға себептерін анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев бастаған арнайы  комиссия құрылып, жұмыс істеуде.

- Жұмыс комиссиясының құрамына облыстық құрылыс, өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті, техникалық және авторлық қадағалау институтының мамандары мен құрылыстың бас мердігері "Лидер-НК" серіктестігінң өкілдері кірді. Қазір құрылған комиссия мүшелері шатыр блогының құлау себептерін анықтау және осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында аталмыш нысанда жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Комиссия жұмысының нәтижелері алдағы уақытта қосымша хабарланады, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, Шонжыдағы ғимараттың құрылысы былтыр басталған. Өңірдегі маңдайалды спорт нысаны болуы тиіс ғимарат жылдың соңына дейін іске қосылып, пайлануға берілуі тиіс еді. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен іргесі қаланған дене шынықтыру кешенін салуға 1 млрд 171 млн теңге қаржы бөлінген екен.

- Ауданымызда салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 3-бөлігінде апат болды. Спорт залдың жұмсақ шатырын салу кезінде металл конструкция құлап кеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Құлаған блоктың ауданы 1058,4 шаршы метрді құрайды. Апаттың ғимараттың қалаған бірінші және екінші блоктарына зиян келмеген. Оқиағ себетін аранйы комиссия анықтайтын болады, деді бізге Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов

Айтпақшы, былтыр еліміз бойынша ірілі-уақты 1238 спорт нысаны салынып пайдалануға берілген болатын. Оның ішінде дене шынықтыру мен саламатты өмір салтын сақтауға арналған 13 әмбебап сауықтыру кешені бар екен. Биыл дәл осындай 48 ғимараттың құрылысы аяқталып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосуы тиіс-тұғын. Ал аймақтарда іргесі қаланып, құрылыс қызған дене шынықтыру және сауықтыру кешенініңсаны жүздің үстінде. Бұл санатта Алматы облысы да бар. Жыл соңына дейін Жетісуда 4 спорт кешені пайдалануға берілуі керек болған. Шонжы ауылындағы төбесі опырылып түскен ғимарат та осы тізімде еді.