Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі биржа сауда-саттығындағы теңгенің бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 423,70 деңгейінде жабылды.
"Мұнай нарығындағы теріс серпін Қазақстанның валюта нарығына да әсер етті. Кешегі күні теңге 0,2%-ға әлсіреді, ал бүгін сауда-саттықты 422,9-дан бастап, бір күнде 0,4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасының сағ. 17:00-дегі жабылу бағамы 423,70 деңгейінде тіркелді. Ұлттық валютаның серпіні негізгі іргелі факторлар қозғалысының соңынан ілесуде", деп түсіндірді банктің баспасөз қызметі.