Маңғыстау облысында ірі көлемде марихуана есірткісін сақтағаны үшін ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дәурен Нариманов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері Маңғышлақ кентінде 32 жастағы ер адамды ұстаған. Тексеріс барысында ер адамның гаражынан аса ірі көлемде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік табылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана есірткісі екені анықталған. "Бұл факт бойынша көлік полициясының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі ("Сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, дейді Дәурен Нариманов.