• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Технология 23 Қыркүйек, 2020

Көлемді блоктар шығаратын зауыт салынады

223 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы бойынша Базалық ұйымның (СҚБҰ) жұмысы шеңберінде темір бетон көлемді модульдер мен одан жасалған ғимараттардың фрагменттерін сынауға арналған эксперименталдық полигон құрылысын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылы СҚБҰ мәртебесі берілген Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) «Интегра. Тех» ЖШҚ (Крас­нодар қ.) ресейлік әріптес­терімен бірге Нұр-Сұлтандағы көлемді блоктарды эксперименттік зерттеулер сериясын аяқтады.

Өнімнің тірек қабілетін тексеру және «BI Group» холдингінің «ModeX Astana» технологиясы бойынша жаңа буындағы экс­перименттік тұрғын үй құры­лысын ғылыми-техникалық сү­йе­­мелдеу жүзеге асырылды. Көлемді модульдерді пай­да­­лану арқылы құрылыс салу Қа­зақ­станда құрылыс мерзім­де­рінің қысқаруы есебінен кең таны­малдылыққа ие болуда.

ҚазҚСҒЗИ институты өт­кен ғасырдың ортасынан бастап даму тарихы мен әртүрлі қа­бат­ты ғимараттар мен әртүрлі конс­труктивтік жүйелер үшін көлемді модульдерді қолданудың әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша ауқымды талдамалық жұмыс жүргізді.

ТМД елдерінде жинақталған білім мен шетелдік инновациялық әзірлемелер Қазақстанда «ModeX Astana» зауытын салу кезінде қолданылды.

«Осы жұмыстың аясында Нұр-Сұлтанда құрылыстағы Еуро­палық стандарттардың (Еурокод­тардың) талаптарын ескере отырып, конструкциялардың статистикалық тік жүктемесіне сы­­наулар жүргізілді. Сонымен қа­тар болашақта сейсмикаға тө­зім­ділік зерттеулері Алматы қа­ла­сында да жалғасады деген шешім қабылданды», деді «ҚазҚСҒЗИ»АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

ҚазҚСҒЗИ басшысы осы мақсатта эксперименттік стенд салу үшін алаң таңдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Көлемді блоктардан жасалған конструкциялардың сейсмикаға төзімділік көрсет­кіш­терін анықтау үшін табиғи вибродинамикалық сынау­лар жүргізу қажет. Қазіргі уақыт­та ҚазҚСҒЗИ мамандары­мен әр­түрлі қабатты және әртүр­лі сейс­­микалық әсерлері бар ғи­ма­раттар үшін математика­лық соңғы эле­ментті үлгілерге талдау жүргі­зі­ліп жатыр. Осыдан ке­йін осы зерт­­теуге қажетті бағ­­дар­лама мен жаб­дық таң­да­латын болады.

«Алматыда зауыт салу мүм­кіндігі туралы түпкілікті ше­шім эксперименттік зерттеулер сериясының қорытындысы бо­йы­нша қабылданады. Алматы – Қазақстанның басты мега­полистерінің бірі, модульді үй құрылысы осы қалада сұранысқа ие болатынына сенімдіміз», деп санайды «Интегра. Тех» ЖШҚ бас директоры Илья Тешев.