Былтыр осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды. Бұған Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақтылы қабылданған шаралар ықпал етті.
Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.
Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде және амалсыз бос тұрған уақытта жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдауға кеткен шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қорына қатысты шаралар қабылданды.