• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның оңтүстік-шығысында үсік жүреді

245 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК  23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Аптаның ортасынан бастап еліміздің солтүстігі мен шығысына Атлантикалық циклон әсер етуді жалғастырады, онымен жауын-шашынды және желдің күшеюімен күзгі салқын ауа райы сақталады. Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінің ауа райын Батыс антициклоны анықтайды. Жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді. Тек еліміздің батысында құрғақ және жылы ауа райы сақталады", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.