• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2020

Атырау облысында "КамАЗ" жүргізушісін таппай жатыр

623 рет
көрсетілді

Бұл деректі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудың 42 жастағы тұрғыны 21 қыркүйекте "КамАЗ" көлігімен Батыс Қазақстан облысының Жаңақала селосынан жолға шығыпты. Оның осы кезге дейін "КамАЗ" көлігімен мал тасымалдағаны анықталып отыр.

Туыстарының мәліметінше, жүргізуші Индер ауданыныңӨрлік ауылдық округі аумағындағы "Мамық" деген жерге жеткен. Бірақ бұл жерден "КамАЗ" көлігі табылғанмен, жүргізушінің қайда кеткенін ешкім білмейді.

"Бүгін, 23 қыркүйекте сағат 06:00-де жоғалған жүргізушіні іздестіру басталды. Оған Индер аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен төтенше жағдай департаментінің 3 қызметкері, сондай-ақ, жүргізушінің туыстары жұмылдырылды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.