• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2020

Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

399 рет
көрсетілді

Минск қаласының Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенконың Беларусь Республикасының президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

Лукашенко Конституцияға қолын қойып, Беларусь тілінде ант берді. Бұдан соң, Республика ОСК төрағасы Лидия Ермошина оған Президент куәлігін табыстады.

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, мен Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын сақтауға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деді А.Лукашенко ұлықтау рәсімінде.

Агенттіктің хабарлауынша, салтанатты рәсімге аталған елдің жоғары лауазымды тұлғалары, парламентарийлер, мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарының және республикалық БАҚ-тың басшылары, сондай-ақ ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысқан.