Париждегі PSL зерттеу университетінің ғалымдары адамның бет-әлпеті арқылы сенімділік дәрежесін анықтайтын технология жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология суреттердегі беттерді сканерлейді, содан кейін адамның қаншалықты сенімді екенін және оған сенім артуға болатын-болмайтынын анықтайды.
Ғалымдар эксперимент барысында әйгілі тұлғалардың фотосуреттерін қолданған. Мәселен, Ханзада Гарридің әйелі Меган Маркл Елизавета I-ге қарағанда 3,5 есе көп сенім тудыратынын анықтапты.
Француз ғалымдары 1500 жылдан 2000 жылға дейін адамдардың бет-әлпеті неғұрлым сенімді болғанын атап өтті. Олар мұны өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен байланыстырады.