• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2020

Түркістан облысының аудандарындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

298 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданының үстіміздегі жылдың 8 айында ауылшаруашылығы саласындағы өнім көлемі 24 млрд. 277 млн. теңгеге жеткен. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 325 мың теңгеге артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

  Биыл ауданда 710 гектар егістік жер айналымға қосылды. Нәтижесінде 65 774 гектар жер игеріліп, жоспар артығымен орындалып отыр. Бұл жоспар негізінен жерді бір санаттан екінші санатқа, яғни жайылым жерлерді суармалы жерге өзгерту және тәлімі жерлерге бау, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу есебінен орындалды.   Соңғы жылдары ауданда жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің саны артып келеді. Мәселен, 8 айдың ішінде 11 гектар жерге жылыжай салынып, жоспар 73 пайызға орындалды. Жалпы аудандағы жылыжай көлемі 83 гектарға жеткен. Оның 21-і өндірістік, 62 гектары фермерлік жылыжайларға жатады. Олардан бүгінге дейін 4 708 тонна өнім жиналды. Оның 3 621,5 тоннасы қияр, 1 086,5 тоннасы қызанақ.   Сондай–ақ, аудан халқын жылыжай өндірумен айналысуды тұрақты қамтамасыз ету, халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында ағымдағы жылы Шұбар су ауыл округінен "Шұбар су жылыжай аймағын құру жобасы" қолға алынып, 15 га жер телімі бөлінді.   Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласына 4 млрд. 644 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге арттық.   Аудан бойынша жалпы сыйымдылығы 38 мың 050 тонна болатын 16 бірлік қоймалар бар. Оның ішінде 7 қойма сиымдылығы 8 950 тонналық көкөніс сақтайтын, 9 қойма сиымдылығы 29 мың 100 тонналық астық сақтауға арналған.   Бұл қоймалар қажеттілікті толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан ағымдағы жылы Бадам ауыл округінен "Александровский сад" ЖШС-нің жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сиымдылығы - 1670 тонна. инвестициялық құны 815 млн. теңгені құрайтын заманауи қоймасы іске қосылатын болады.