Белгісіз азаматтың Эйфель мұнарасын жарып жіберемін деген қоңырауынан соң, қызметкерлер мен келушілер уақытша эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Бүгін таңертең полицияға белгісіз біреу Эйфель мұнарасын жарып жіберемін деп жасырын нөмірмен хабарласқан. Бұдан соң, жергілікті жерде эвакуация жарияланды. Қазір оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді, олар қажетті тексерулер жүргізуде", - деді ұйым өкілі.
Ескерткіштің айналасын полиция қоршап алған. Периметрді күзетуді құқық қорғау органдарының қарулы қызметкерлері қамтамасыз етеді.