• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қыркүйек, 2020

Жемқорлыққа қарсы реформалар талқыланды

302 рет
көрсетілді

Алик Шпекбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозамен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларды талқылады. Кездесу барысында саяси жаңғыртуға, парламентаризмді дамыту мен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Бразилия елшісіне халық­аралық стандарттарды енгізу бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлық фак­тілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалып­тас­тыру, мемлекеттік қызметшілер мен олар­дың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикциялардағы активтерді иеленуге тыйым салу, заңсыз баю үшін жауап­кер­­шілік енгізу жөніндегі Антикор қабыл­даған шаралар туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде Корреа Барбоза мырза Агент­тікке келуінің елші болып тағайын­далған кезден бастап Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік органға аяқ басуы екенін атап өтіп, өз елінің сыбайлас жемқорлыққа қар­сы саясатының институционалдық негіз­дері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бразилияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне 5 негізгі субъект кіреді: бас бақылаушы, федералды полиция, федералды есеп палатасы, қоғамдық министрлік және қаржылық қызметті бақылау кеңесі.

Әлемге әйгілі «Ашықтық порталы» ресми мемлекеттік ресурсы Қазақстан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. Онда федералдық бюджет пен штаттар бюджеттері шығыстарының бап­тары, елдің саясаткерлері мен шенеу­ніктерінің декларациялары, сондай-ақ азаматтар мен БАҚ-ты қызықтыратын бірқа­тар өзге қаржылық ақпарат орналас­тырылған. Елшінің айтуынша, пор­тал бюджет қаражатының жұмса­луын қо­ғамдық бақылаудың қуатты құ­ралына айналды және оның арқасын­да мем­лекеттік аппараттың шығыс­тары 25%-ға қысқарды. Ресурс мүмкіндік­тері­­нің мысалы ретінде елші мырза тіпті оның жалақысы осы ресурста орналасты­рыл­ғанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар құзы­рет­ті органдармен қоса, одан әрі ынтымақ­тастық туралы және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылда өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.