• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қыркүйек, 2020

Тамақ өнімдерінен ГМО анықталды

556 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан келген «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және «Butter Соокіеѕ Danish Pride» түрік печеньесінің бір сынамасында зерттеу барысында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады.

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімдерінің сына­масын сатып алды. Сарап­тама үшін сатып алын­ған барлық үлгілер Алматы қаласындағы Ұлт­тық сараптама орта­лы­ғының зертханасына жет­кі­зілді.

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі ген­­дік түрлендірілген соя­ның құрамы 1,4%-дан 10,25%-ға дейін, печенье­де 47,75%-дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таң­ба­ларында көрсетілген өнім­дердегі ген­дік түр­лен­ді­ріл­ген ингре­диент­тердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспайтынын атап өткен жөн.

Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтер­ме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақы­лау де­пар­та­менті сауда желі­сін­дегі сәйкес емес өнім­ді анықтау және оны сату­дан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

– Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсу­дің тежелуін, сондай-ақ ал­лергиялық аурулардың пай­да болу қаупін арт­тырады. Сондай-ақ сапа­сыз өнім анықталған жағ­дайда қа­зақ­стан­­дықтар Тауар­лар мен қыз­меттердің сапа­сы мен қауіп­­сіздігін бақы­лау аумақ­тық депар­та­менттеріне жү­гіне алатынын хабарлаймыз, – дейді мамандар.