• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның қай облыстарында жиі пара беріледі?

642 рет
көрсетілді

Қазақстанның қай облыстарында пара жиі берілетіні белгілі болды. Жалпы, елде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар бір жыл ішінде 11 пайызға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Finprom.kz сайты мәлімет таратты. 

Сарапшылар 2020 жылдың қаңтар-тамызында елде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелгенін есептеп шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға аз.

Олардың үштен екісі  парамен байланысты болған. Жыл басынан бері елде 993 пара алу фактісі тіркеліпті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға артық. Оның ішінде 555 іс пара алуға қатысты, 404 іс пара беруге байланысты, 34 іс медиацияға қатысты.

Аймақтық контекстте Батыс Қазақстан облысы парақорлыққа қатысты көшбасшыға айналды. Аймақта 97 іс тіркелген. Бұл бір жылдың ішінде екі есеге өскендігін көрсетеді. Ал екінші орында Алматы облысы. Бұл аймақта пара алудың 87 жағдайы тіркелген.Яғни, 47,5 пайызға көбейіпті. Шығыс Қазақстан облысы үшінші орында. 76 жағдай, былтырғымен  салыстырғанда 3,8 пайызға аз.