Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда қанша адам жұмыс қалатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
COVID-19 вирусының екінші толқыны болса, 162 мың адам жұмыссыз қалып, 2 миллион адам ақысыз демалысқа шығуы мүмкін.
"Бүгінде COVID-19 пандемиясының еңбек нарығы үшін теріс әсері әлі де бар. Егер коронавирустың екінші толқыны болса және өткендегідей қатаң шектеу шаралары қабылданса, біздің бағалауымыз бойынша жұмыс істеп жүрген 2 мыңнан аса адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін", деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болса, 4 миллион адам жұмыс режимін сақтап қалуы мүмкін.