Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенат отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас прокурор қазір 735 қазақстандық шетел абақтыларында жазасын өтеп жатқанын айтты.
"Оның 70 пайызы Ресейде - 537 азамат. Біздің азамат болғанымен, олардың тұрмысы, жұмысы, отбасы сол жақта. Егер қайтамын десе, толық мүмкіндігі бар. Себебі екі ел арасындағы шарт бар", деді ол.
Бүгін Парламент Сенатының отырысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында "Сотталған азаматтарды беру туралы шарт" ратификациясы қаралды.
Айта кетейік, бұл заң жобасы бұған дейін Мәжілісте мақұлданған.Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов шарттың негізгі ерекшелігін түсіндірді.