Биылғы қаңтардың соңы мен 23 қыркүйек аралығында 60 439 адамның жұмыссыздар қатарын толықтырғанын мәлімдеген министрлік нақты сандардың одан да жоғары болу мүмкіндігін жоққа шығармапты. Өйткені дәлірек мәліметтердің орталықта емес, өңірлік еңбек және жұмыспен қамту бюроларында тіркелетінін алға тартқан.
Статистикаға енгізілген жұмыссыздар қатарында пандемия кесірінен өндірісін тоқтатқан компаниялардың жұмысшылармен арада еңбек шарттарын доғаруын ескерген министрлік кәсіпорындарға мемлекеттен субсидия алу үшін өтініш беруге болатынын айтты. Сонымен қатар Еңбек министрлігі жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға көмекке әзір екендігін де мәлім еткен.