• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2020

Қызметтік ит із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйітін тауып алған

245 рет
көрсетілді

Алматыда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі қызметтік иттің көмегімен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әйел 9 қыркүйекте жоғалып кеткен. Содан бері одан ешқандай хабар-ошар болмапты. Іздеу-тексеру амалдары нәтижесінде, қызметтік иттің көмегімен әйелдің денесі 23 қыркүйекте  табылған. Жоғалған әйелді іздеуге 5571 әскери бөлімінің жедел батальонының сарбаздары қатысты.

Сағат 16.30 шамасында қатардағы жауынгерлер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, сондай-ақ кинологиялық қызметтің маманы, ефрейтор Еркебұлан Өмірзақов әйел жоғалуы мүмкін аумақты шолып шыққан. Олармен бірге Найтс атты қызметтік ит те болыпты.

Ит ұстаушы итке әйелдің курткасынан иіскеп беріп, босатады. Ит иіс ізімен жүріп өтіп, әскери қызметшілерді Бутаковка өзенінің арнасына алып келген. мәйіт сол арадан табылыпты. 

Соңғы жаңалықтар