• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2020

300-ге жуық шетел азаматына Атырауда тұрақты қалуға рұқсат етілді

236 рет
көрсетілді

Атырау облысында жыл басынан бері 300-ге жуық шетел азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысына келіп, тұрақты тұруға өтінім бергендердің арасында ТМД елдерінің азаматтарымен бірге, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Түркия секілді шет мемлекеттердің өкілдері де бар. Олар отбасы жағдайына байланысты Қазақстанда тұруға рұқсат алуға шешім қабылдап, көші-қон полициясына тиісті өтінішпен жүгінеді.

Соның бірі – Өзбекстан Республикасының азаматы Бақыт Естемірова. Ол Қазақстанда тұрақты тұру үшін көші-қон полициясына құжат тапсырған.

"Өткен жылдың қазан айында Өзбекстандағы есептен шығып, кәмелетке толмаған қызыммен Қазақстанға келдім. Менің күйеуім осында тұрады. Бірден тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтініш бердім. Құжат рәсімдеуге көші-қон полициясы көмектесті. Мамандар рәсімдеу процедурасын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өтінішімді кідіріссіз қабылдады. Тұрақты тұруға рұқсат алдым. Енді Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін құжат жинақтап жүрмін", дейді Бақыт Естемірова.