• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2020

Маңғыстаудағы газ құбырының үстіне салынған жол ел назарын аударды

285 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы көшелердің бірінде жол төсеу барысындағы орын алған келеңсіздікке байланысты Түпқараған аудандық әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

2020 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 18:30 шамасында ауылішілік жол құрылысымен айналысушы мердігер мекеме "Бек-АқтауГазСнаб" ЖШС тарапынан жұмыс аяғында бақылаушы жауапты тұлғаның болмауына байланысты алдағы уақытта ауыстырылуға жататын газ құбырының үстінен асфальт жолын төсеп кеткен.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Жеткізгеновтың газ құбырының қорғау аймағына жататын 5 метр (екі жағынан 10 метр) жерді қалдырып кету туралы алдын-ала ескертуіне қарамастан, мердігер мекеме тарапынан өрескел қателікке жол берілген. Осыған байланысты мердігер мекеме сол түні төселген асфальт жабындысын алып тастады.

Мердігер мекеме кеткен қателіктері үшін жауапкершілікті толығымен өз мойындарына алды. Аталған жұмыстарды қалпына келтіру мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-тың алынған техникалық шарт талаптарына сәйкес газ құбыры ауыстырылады.

Ауылішілік жолдың аталған бөлігін асфальттау газ құбырын ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.