• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Қыркүйек, 2020

Жел мен үсік: Еліміздің 7 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жасалды

658 рет
көрсетілді

Ертең, 25 қыркүйекте Қазақстанның 7 облысында жел мен үсікке байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 17 метрге жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстіктен жел соғып, кей жерлерде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда да тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

25-27 қыркүйек аралығында түнде Қызылорда облысында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Сонымен қатар, 24-26 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, ағын су жүруі ықтимал.