• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Қыркүйек, 2020

Індетке қарсы күреске 22,9 млрд теңге жұмсалды

137 рет
көрсетілді

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан азаматтар медициналық көмекті сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан ала алады. Медициналық сақтандыру қоры тарапынан қауіпті инфекцияға қарсы күреске 159 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл туралы қордың Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Филиал мәліметінше, тегін медициналық көмек пен мін­дет­ті әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру пакет­те­рі­не коронавирусты емдеуге қа­тыс­ты өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар қос пакет ше­ң­берінде мобильді брига­да­лар мен COVID-19-ға шал­дық­қан пациенттерге үй жағ­дайында стационарлық қыз­мет көрсету мүмкіндіктері қа­рас­тырылған. Медициналық кө­мек азаматтардың сақ­тан­ды­ру жүйесіндегі статусына қарамастан көрсетіледі. Бұл өзгерістер, әсіресе жұқпалы аурулар өршитін күз мезгілінде медициналық көмектің қол­же­тім­ділігін арттыруға септігін тигізері анық.

«Қазіргі таңда қор дең­гейін­де коронавирус пен пнев­мо­нияға қарсы күреске 159 млрд теңгеден астам қаржы қарас­ты­рылған. Алматы қаласы бо­йынша аталған шараларға жұмсалатын қаражаттың жалпы сомасы 22,9 млрд теңгені құрайды», деді филиал басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Наурыз бен тамыз айлары аралығында медицина қызметкерлеріне 11,6 млрд теңге қосымша ақы төленген. ПТР анализдерге 471 млн теңге бөлінді. Өткен алты айда 33,8 мыңнан астам медицина қызметкеріне коронавирусқа қатысты қосымша ақы төлен­ген. Эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған емдеу мекемелерінің қыз­мет­кер­лері барлығы 11,6 млрд теңге үстемеақы алды. Соның ішінде: 1-топ – 5 млрд 811,4 млн.теңге (9 729 адам); 2-топ – 4 млрд 413,9 млн.теңге (14 535 адам); 3-топ – 1 млрд 421,8 млн.теңге (9 623 адам).

Естеріңізге сала кетсек, пандемия басталғалы бері Қазақстан бойынша дәрі­гер­лер­дің жалақысына қо­сым­ша 73 млрд теңгеден астам үстемеақы төленген.