• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қыркүйек, 2020

Маска тағудан бас тартқан режиссер халықаралық фестивальдан қуылды

151 рет
көрсетілді

Испаниядағы Сан-Себастьян қаласында өтіп жатқан халықаралық фестивальда франциялық режиссер, сценарийші және актер Эжен Грин медициналық маска тағудан бас тартқаны үшін аккредитациядан айырылып, байқаудан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмін көрсету кезінде режиссердің маска тағу бес рет сұралды, бірақ Грин бас тартқан. Ақыры франциялық режиссер залдан қуылды. Басылым мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдары актерді оған шағым түсірілетіні жайында ескерткен.

28 тамызда Париж билігі қала тұрғындарын көшеде жүргенде маска тағуды міндеттеген болатын. Ал 26 тамызда мұндай шешімді Марсель билігі де қабылдады. Көшеде немесе дүкенде маскасыз жүргендерге 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ережелер қайта бұзылса, айыппұл сомасы 1,5 мың еуроға дейін көбеюі мүмкін.