• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2013

Асылмұратова Ваганов академиясындағы бұрынғы орнында қалды

255 рет
көрсетілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Ваганов атындағы орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі әрі оқу орнының проректоры Алтынай Асылмұратова лауазымын сақтап қалды. Бұл туралы РФ Мәдениет министрлігінің мәнбесіне сүйенген ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ведомствода академияға жақында ректордың міндетін атқарушы болып тағайындалған Николай Цискаридзенің: «Менің ең бірінші келісім-шартқа қол қойған адамым Алтынай Асылмұратова болды. Академияға келген бірінші жұмыс күнімнен жиі естігенім де оның оқытушылар құрамында Алтынай Асылмұратованы қалдыру туралы өтініш болды. Мен сол өтініштерді тыңдадым», - деген сөздері келтіріледі.

Дегенмен, Алматы қаласының тумасы болып табылатын қазақ қызы Алтынай Әбдіуахимқызы Асылмұратованың орнына қайта тағайындалуының басты себебі, Ваганка ректоры міндетін атқарушының айтуынша, «оқу процесінің үзіліссіздігі мен сабақтастығын сақтап қалу» болған көрінеді. «Қалған проректорлар да жұмыстарын жалғастыра береді», - деді ол сосын.

Ал жексенбі күні Вагановка профессор-оқытушылар құрамының жүзге жуық адам қол қойған ашық хаты жарияланды. Онда ұстаздар қауымы Николай Цискаридзені академия ректорының міндетін атқарушы және Ульяна Лопаткинаны көркемдік жетекші етіп тағайындау туралы кадрлық шешімді қайта қарауды талап етеді. Аталмыш шешім Вагановка ұжымының барынша кері реакциясын туғызыпты.

Ресей халық әртісі Николай Цискаридзе Вагановканың ректоры міндетін атқарушы болып биылғы жылғы 28 қазанда белгіленді. Мемлекеттік академиялық үлкен театрда жиырма жылдан астам уақыт еңбек еткен биші 30 маусымда ол жерден балет солисі ретіндегі де, педагог-репетитор ретіндегі де қысқа мерзімді келісім-шарттарының мерзімі бітуіне байланысты кетуге мәжбүр болған еді. Бірақ ол ешқашан да жеке мекеме басқарып көрмеген. Үлкен театрда да соңғы кездері жанжалдың ортасында жүрді.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар