• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2020

Атырауда егіз ұл аман-есен табылды

1032 рет
көрсетілді

Кеше, 24 қыркүйекте Атырау қаласында 4 жасар егіз ұл жоғалып кеткен. Олар Жұлдыз ықшамауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz

"2016 жылы туған егіз ұл – Ернар мен Ернұр Ильясовтардың жоғалғаны туралы  сағат 17:00 шамасында "102" операторына хабар түсті. Оларды іздеген полиция қызметкерлері ықшамаудан аумағын жіті тексерді. Полицейлер бір-бірімен рация  арқылы ұдайы байланыста болды. Арада екі сағат өткенде полиция капитаны Данияр Тайбуриев байланысқа шығып, Жұлдыз ықшамауданындағы 6-көшеде адасып жүрген баланы тапқанын   хабарлады. Ол жоғалған егіздердің бірі Ернар болып шықты. Жарты сағаттан кейін полиция аға лейтенанты Қанат Испусинов осы ықшамауданның шетінде орналасқан "Саванна" демалыс орнының артынан кішкентай баланы тауып алды. Оның Ернұр екені анықталды. Полицейлер егіз ұлды отбасымен қауыштырды", деп хабарлады облыстық департаментінің баспасөз қызметі.