• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2013

Головкиннің келесі кездесуінің жаңа үміткерлері аталды

220 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA версиясы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы жылғы 1 ақпан күні өтуге тиіс келесі ықтимал қарсыласының есімі белгілі болып қалды. Бұл туралы «Геннадий GGG Головкин» тобы ВКонтакте әлеуметтік желісінде хабарлады. Қазір қазақстандық боксшының кезекті қарсыласы ретінде биылғы 12 желтоқсанда Австралияда WBA версиясының орта салмақтағы уақытша чемпионы, британиялық Мартин Мюррей мен австралиялық Гэрз Вуд арасында өтетін шайқастың жеңімпазы аталып отыр. Сол сияқты бұл жұптың жеңімпазы көрсетілген мерзімге дейін Головкинмен айқасуға дайын болмай шықса, оның орнын WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы, франциялық ХассанН'дам Н'жикам болуы мүмкін екені де айтылып жатыр. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар