• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елбасы 28 Қыркүйек, 2020

Елбасы Түркістандағы жаңа стадион мен көпфункционалды концерт залына барды

435 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Назарбаев Түркістанға сапары барысында "Түркістан-Арена" стадионына және "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар, 7000 орынға арналған стадион кәсіби спортшылардың дайындығына ыңғайланып салынған. "Самұрық-Қазына" АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.

Елбасы, сондай-ақ концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты. Түркістан облысындағы көпфункционалды жалғыз кешен саналатын Конгресс-холлда отырыс өткізетін зал, 1000 көрерменге арналған концерт зал, 1900 шаршы метр аумақты алып жатқан көрме алаңы бар.

Түркістан облысы