Колумбияда бір күнде 7018 адамнан вирус жұғу тіркелген. Індет басталғалы 813 056 колумбиялықтан SARS-CoV-2 вирусы табылған, деп хабарлайды Egemen.kz
REGNUM агенттігі Колумбия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, КВИ-мен күреске дің жасушаларын пайдалану тәжірибесін осы елдің медицинасы қолға алғанын жазады. Эпидемиолог Сантьяго Салдарриаги: «Пациенттер арасынан 40 науқасты іріктеп алып, олардың 20-сына дің жасушаларын қолданып ем жүргізіліп, қалған 20-сында әдеттегі терапия қолданылады. Екеуін салыстыра келе, дің жасушаларының ажалмен айқаста қандай күші барлығын білетін боламыз», деді.
Денсаулық министрлігінің мәліметіне сәйкес Колумбияда кеше 192 адам көз жұмып, жалпы құрбандар саны 25 488 жанды құраған.