• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2020

Атырауда 8 сотталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

638 рет
көрсетілді

Атырау облысында пробация қызметінің есебінде  бас бостандығы шектелген 499 сотталушы тұр. Солардың арасындағы 8 сотталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Жақында пробация қызметімен соталушылардың мекенжайына тексеру жүргізілді. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

"Тексеру кезінде бас бостандығы шектелген 39 сотталушының сот жүктеген міндеттерден жалтарғаны анықталып, оларға ескерту жарияланды. Ал 8 сотталушыға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолданды", дейді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қабдолов.