• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2020

ІІМ министрі Facebooк-те парақшасын ашты

564 рет
көрсетілді

ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebooк-те парақшасын ашты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Құрметті отандастар! Бүгіннен бастап мен әлеуметтік желіге қосылдым. Бұл қадам – ішкі істер органдарын реформалауда қажетті құралға және полиция мен қарапайым азаматтар арасындағы "алтын көпірге" айналатынына сенімім мол. Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет – халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін. Қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет!", деп жазды ІІМ министрі.