• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Елбасы 28 Қыркүйек, 2020

Елбасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

133 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде барды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті", деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.

Одан кейін "Түркістан-Арена" стадионында болып, "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы Rixos Turkistan қонақүйі және Түркістандағы бірқатар экспозициялық кешенмен танысты.

Соңғы жаңалықтар