• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 28 Қыркүйек, 2020

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

408 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Бекет тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облысы, Жылыой ауданының әкімі болған. Азамат Бекет 1983 жылы туған. Жоғары білімді. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Бокстан халықаралық дәріжедегі спорт шебері. 2004-2013 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Алматы, Астана қалалары мен Батыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде еңбек етті. 2013-2016 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды. 2016 жылдың көктемінде Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы болды. 2018 жылдан Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.