• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 29 Қыркүйек, 2020

Экологиялық карта әзірленді

1030 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында өңірдегі эко­логиялық ахуалды реттеу мақ­сатында 2021-2025 жылдарға ар­нал­ған Экологиялық жол картасы әзірленіп, онда атқарылуға тиісті 33 іс-шара белгіленді.

Ірі жобалардың қатарына ауадағы азот диоксиді мен формальдегид мөлшерін азайту үшін қаладағы барлық ауа ластаушы кәсіпорындардың шаң тұтқыш орнатуы, лас суларды қайта өңдеу арқылы техникалық су ретінде қайта пайдалану, қаладағы кәріз желілерін жаңарту, бұ­рын­ғы «Алға» химия зауытындағы «тарихи» қалдықтар мен Ақтөбе темір қорыт­па зауыты аумағында жатқан  хром қал­дық­тарын көму, барлық қоқыс поли­гон­дары­ның жан-жағы мен барша елді ме­кендер төңірегін көгалдандыру қамтылды. Экологиялық картаға ен­гізілген іс-шара­лар қатарында Ақтөбе қа­ласындағы кәріз желілерін то­лық жа­рақтандыру жобасы да кезек күт­тірмейтін мәселенің бірі.

Облыстық экология департаменті­нің басшысы Нұржан Аққұлдың хабарлауынша, Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигоны мен ескірген кәріз тазарту қондырғысынан шығатын ауадағы жағымсыз иіске байланысты тұр­ғындардан 29 шағым келіп түскен. Сондай-ақ департамент жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзған ірі және орта, шағын кәсіпкерлік нысандарына 67 рет айыппұл салған.

 

Ақтөбе облысы