• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2020

Жолдың сапасын арттыруға арналады

312 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан – Петропавл жолында цемент-бетон жабындысын қорғауға мүмкіндік беретін технология сыналды.

Автомобиль жолдары саласында материалдардың жұмсалуы мен жол құры­лым­дарының өзіндік құнын едәуір қысқартуға, сондай-ақ жөндеуаралық мерзімді арттыра отырып, жол жа­мыл­ғысының беріктігін жақ­сартуға мүмкіндік бере­тін инновациялық техноло­гия­ларды енгізу шаралары жалғасуда.

Осылайша, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ, «UneedUs» ЖШС және «Жол активтері сапа­сы­ның ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бірлесіп, цемент-бетон жабындысына арналған Contite сіңірме құрамын сынау жұмыстарын жүргізді. Жаңа технологияны Көкшетау қаласы ар­қылы өтетін Нұр-Сұлтан – Петро­павл автомобиль жолының 69 шақырымында қолдану ұйғарылды.

«UneedUs» компания­сы­ның мәліметінше, Contite сіңірме құрамы – гидро­филь­дік, гидрофобтық және гидро­скопиялық сияқты 3 қасиетке ие бірегей өнім. Технология жолдың қызмет ету мерзімін ұлғайтып, цемент-бетон жабындысын химиялық реагенттерден, тұздан, қату және еру циклдерінен, басқа да факторлардан қорғауы тиіс. Сіңірме құрам бетон жа­бын­дысына бір рет шашылады. Механизм бетондағы бос арада кристаллдардың қалып­тасуының негізінде әсер етеді.

Тәжірибелік шаралар жүр­гізіліп жатқан жол учас­кесінде жаңа технологияның әсері зерттеліп, байқалатын болады. Технология оң нәтижелерді көр­сеткен жағдайда, цемент-бетон жабындысының су мен реагенттерді сіңіруі 1,8 есеге азайып, беріктігі 15-18%, сондай-ақ, аязға төзімділігі 2,5 есеге көтеріледі деп күтілуде.