• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 29 Қыркүйек, 2020

«СҚ-Фармация» жұмыс тобының мүшелерімен кездесті

136 рет
көрсетілді

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-форматта «СҚ-Фармация» ЖШС қоғамдық жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. СҚ-Фармацияның бастамасымен өткен жүздесу дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды, мүмкіндіктер мен жүйелі мәселелерді, сондай-ақ өзара іс-қимыл тетіктерін анықтауға арналды.

Қатысушылар министрмен бірге дәрі-дәрмекті сатып алу­ды жетілдіру, жоспарлау және логистика, фармацевтика нары­ғының даму мәселелерін талқылады. Қоғамдық жұмыс тобының ұсынысы бойынша «СҚ-Фармацияда» компания қызметінің стратегиялық бағыттарын жобалау топтары ашылады, олар дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз ету жүйесін жетіл­діруге көмектеседі. Дәрі-дәрмек сатып алу менлогис­ти­каны жетілдіру, жоспарлау, таңбалау, отандық фарма­цев­ти­калық өндірісті, Big Pharma бағдарламасын (ТОП-30 Халық­ара­лық фармацевтикалық бренд­те­рінің тәжірибесі), IT дамытуға ық­пал етеді.

Кездесу барысында министрге компания жұмысының ба­рынша ашық болуына әсер ете­тін тетіктер ұсынылды. Мә­се­лен, жақында «СҚ-Фар­ма­цияда» «Проблемалық мәселелер кітабы» ашылды. Жұмыс тобы­ның отырысында көтерілген бар­лық мәселе «Проблемалық мәселелер кітабына» енгізіледі, қаралады және жедел шешім қабылданады. Атап айтқанда, «Проблемалық мәселелер кіта­бы» аясында 44 жүйелі мәсе­ле көтерілді.

«СҚ-Фармация» жұмыс тобы­­ның мүшелері бірыңғай дистрибьютор жүргізетін пан­демияға қарсы күрес жөнін­де­гі жұмысқа азаматтық қо­ғам­­­ның белсенді қатысуын қам­­тамасыз еуді ұсын­ды. Оты­рыс­та әлеуметтік ма­ңы­зы бар орфан­дық препарат­тар­ды қоса алғанда, дәрі-дәр­мек­тер­дің мерзі­мі мен оны тіркеу мәсе­ле­ле­­рі көтерілді.

Өз кезегінде, министр әлем­де кез келген препарат мін­дет­ті тіркеуден өтетінін, өйтке­ні өнімнің қауіпсіздігі пен тиім­ді­лігіне қатысты мәселе туған жағдайда мемлекеттік орган тиісті тексеру жүргізу үшін құжат қажет екенін атап өтті. Себебі сирек кездесетін ауруы бар науқастардың өмірі кейде белгілі бір препаратқа тәуелді болады.

Сонымен қатар қоғам бел­сен­­ділері фармакологиялық қада­ғалауды күшейтуге назар аудар­ды. Өйткені сары карталар жеткіліксіз және дәрілік заттарды пайдаланудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауда жүйелі тәсіл қажет.

Қоғам белсенділері Қа­зақ­стан аумағында тіркел­ме­ген ДДҰ негізгі дәрілік зат­тар тізіміне кіретін дәрі-дәр­мек­ті қолжетімді ету тура­лы ұсыныс жасады. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, бұл халықты базалық дәрілік зат­тармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс тобы әр өңір деңгейінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін дәрілік заттарды тұтынуды ба­ға­лау мәселесін қарастыруға жеке тоқталды. Сонымен қатар тараптар пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу модельдерін тал­қы­лады, халықты үздіксіз дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз етуді жетіл­дірудің жалпы тәсіл­де­рін белгіледі.

«Компанияда енгізілетін барлық жаңалықты, үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізуді жолға қою және бірыңғай дистрибьютордың жұмысын жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдау жоспарланып отыр», деді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Кездесу қорытындысы бо­йынша А.Цой министрліктің қо­ғам белсенділерімен ынты­мақ­тас­тықта өзара іс-қимылға дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, «СК-Фар­ма­ция» ЖШС-де қоғамдық жұмыс тобы құрылды. Оған азамат­тық қоғам мен бизнес-қауым­дастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кірді. Жұмыс тобы қоғамдық ма­ңызды мәселелерді шешу үшін азаматтық қоғаммен өзара қа­тынас­ты жақсарту мақсатында құрылған. Бүгінге дейін 2 отырыс өткізді. Жұмыс тобының жиыны «СҚ-Фармация» ЖШС фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей таратылады.