• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Қыркүйек, 2020

Қазақстан-Германия ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

199 рет
көрсетілді

Министр Мұхтар Тілеуберді Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ЕҚЫҰ және БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ екіжақты саяси және инвестициялық ынтымақтастықтың кейбір мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының, стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің және Берлин Еуразиялық Клубының осы үдерістегі маңызды рөлі атап өтілді.

Әңгімелесу барысында гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа, орта білім беру жүйесінде және тиісті орталықтар желісі арқылы неміс тілін оқытуды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Қазақстандағы шамамен 200 мың адамнан тұратын неміс диаспорасы және Германиядағы 900 мыңға жуық «қазақстандық» немістер түріндегі екі ел арасындағы «жанды көпірдің» болуының зор маңызы атап өтілді.

Бүгінгі таңда Германия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ГФР арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Соңғы 15 жылда Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны шамамен 5 млрд АҚШ доллары болды.

Қазақстанға неміс инвестицияларының 90%-ға жуығы «шикізаттық емес секторға», оның ішінде ШОБ кәсіпорындарын қолдауға және дамытуға жұмсалады.

Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 960-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында «SIEMENS», «METRO», «KNAUF», «Heidelberg Cement», «BASF», «Linde AG», «CLAAS», «WILO» және басқа да ірі компаниялардың өкілдері бар.