Нұр-Сұлтанда 6 оқушы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдайы тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды", деді Ж.Пралиева баспасөз мәслихатында.
Ж.Правалиеваның мәліметінше, жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілген. Білім ошағында дезинфекция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үйде карантинде болғанын алға тартты.
Сондай-ақ мектеп мұғалімдері арасында да коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтып өтті.