• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 29 Қыркүйек, 2020

Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауы жарияланды

1400 рет
көрсетілді

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы Ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізің..." видеобайқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының "Таңшолпан" таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасы "Қалдырған ізің..." атты видеобайқау жариялайды.

Байқау мақсаты – шәкірт пен ұстаз арасындағы сүйіспеншілікті көрсете отырып, қоғамның мұғалім мамандағына деген құрметін арттыру.

Жобаға қатысушы әр адам әріп танытып, қалам ұстатқан алғашқы ұстазына, тағдырдың сан қилы белестерінде жол сілтеп, бағыт-бағдар берген, үлкен өмір жолындағы ұстаздарына арналған жүрек түкпіріндегі жылы естеліктермін бөліседі. 

Видеоны #ҚалдырғанІзің  #МеніңҰстазым хэштегтерімен әлеуметтік желідегі парақшаға немесе press@kaztrk.kz электронды поштасына жолдай алады. Видео ұзақтығына шектеу қойылмайды. 

Ең әсерлі видеолар 2 қазан күні Ұлттық арнаның "Tansholpan" бағдарламасының тікелей эфирінде көрсетіледі.