• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда эпидемиялық жағдай тұрақталды

1640 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі қазіргі эпидемиялық жағдай жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазақстанда коронавирус індеті бойынша жағдай тұрақталды. Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған жалпы 107 908 науқас тіркелді, соңғы тәулікте 75 адамнан індет белгілері анықталды. Өкінішке қарай, қайтыс болғандар саны 1 731-ге жетті. Сондай - ақ ПТР-мен инфекцияның 32 779 ықтимал жағдайы тіркелді, тәулігіне 299 жағдайы анықталды", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін оқу жылының басынан бері оқушылар арасында инфекцияның 104 жағдайы тіркелгенін хабарлаған едік.