Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов аймақ басшысына еріп, жалақысының мөлшерін жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қайрат Ахметов өзінің жалақысы туралы "Антикорлайф" эфирінде жариялады. Оның айтуынша, ол айына 484 мың теңге алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қанша еңбекақы алатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, аймақ басшысының жалақысы 766 000 теңгені құрайды, бұл қала басшысының жалақысынан 300 000 теңгедей артық.