Ыстамбұл қаласындағы Шыраған сарайында өткен Ататүрік атындағы халықаралық Түрік тарих академиясының жиналысы барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түркітану, алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы аталмыш академияның мүшелігіне қабылданды. Айта кетерлік бір жайт, Қаржаубай Сартқожаұлы – бұл ұйымның құрамына енген тұңғыш қазақстандық ғалым.

Салтанатты іс-шара үстінде Ататүрік атындағы халықаралық Түрік тарих академиясы қазақстандық ғалымның үстіне 1512-1520 жылдары Осман империясының патшасы Явуз Селим киген шапанды жауып, академия рәмізін ұсынды. 1931 жылы Мұстафа Кемал Ататүріктің ұсынысымен құрылған аталмыш академия түркі тарихын зерттейтін әлемнің 40-тан аса мемлекеттерінің ғалымдарын топтастырып отыр. 62 адамнан тұратын ұйымның мүшелігі төрт жылда бір рет толықтырылады.
Ататүрік атындағы халықаралық Түрік тарих академиясының басқосуында қазақстандық ғалым, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы «Байырғы түрік мәтіндерін оқудың теориялық және әдістемелік мәселелері» деген тақырыпта баяндама жасады.
«Егемен-ақпарат».