• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Қыркүйек, 2020

Қазақстандық мыңдаған компания нарықтан шығып қалуы мүмкін - депутат

209 рет
көрсетілді

Қазақстандық мыңдаған компания нарықтан шығып қалуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев отандық бизнесті қорғауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Пішембаев 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алуда қазақстандық өндірушілерге арналған преференциялар жойылатынын еске түсірді.

"Тауарлардағы жергілікті қамтуға қойылатын талаптарда 0 пайызға дейін, жұмыстар мен қызметтерде 50 пайызға дейін, қызметкерлерде де 50 пайыздан аспайтын шектеулер болады. Отандық тауар өндірушілер үшін конкурстар кезінде 20 пайыздық шартты жеңілдік беру туралы ереже, тауарларды сатып алу құқығы қазақстандық өндірушілердің бір табыс көзі және тауарлардағы жергілікті қамтудың міндетті үлесін талап ететін тапсырыс берушілер мүмкіндігі алынып тасталады", - деді Мейрам Пішембаев.

Депутат бұл жағдайда қазақстандық бизнес үшін бәсекелестік тең болмайтынын мәлімдеді.

"Жер қойнауын пайдаланушылардың "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" электрондық сатып алу сайтында тіркелген он мыңдаған қазақстандық компания мен жеке кәсіпкерлер ішкі нарықтан шығып қалады деген қауіп бар", - деді ол.

Мәжілісмен мұның бәрі Қазақстанның 2015 жылы ДСҰ-ға кірген кезден бастап жергілікті қамту үлесінің төмендеуі аясында болып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2014 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта бұл көрсеткіш 12 пайызға - 63 пайыздан 51 пайызға дейін төмендеген.