• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

154 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов 8 ай қорытындысы туралы, ал Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев "Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру" пилоттық жобасының орындалу барысы жайлы баяндады.

Хабарламадан кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік орган жетекшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігін, тұрмыстық жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының қатаң сақталуын, талдау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттарын нақты айқындады.

Аймақ басшысы мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерінің қорғалуына баса назар аудару қажеттігін ерекше атап өтті.